#FantaSnackChallenge және Ninety One

Fanta - Coca-Cola Company портфелінде екінші ірі бренд. Оның әйгілі жеміс дәмі барлығымызға бала кезімізден таныс.

Біз #FantaSnackChallenge атты челленджін жасай отырып, «Fanta-мен бірге жақсы келетін жеңіл тағамдар» атты брендтің науқанын пайдаланушылармен жаңа қарым-қатынасын цифрлы жүйеге бейімдедік. Челленджті әлеуметтік желілерде белсенді әрі қызықты ету үшін біз Fanta амбассадорларын көмекке шақырдық. Танымал Q-Pop тобы Ninety One бірден шараға қосылды. Біз олардың қатысуымен фото және бейне түсірілім жасадық.

Топ мүшелері адамдарды тапсырмаларды орындауға және нәтижелерді #FantaSnackChallenge хэштегімен жариялауға шақырды. Ал брендтің сәйкестігі мен көңіл-күйін көрсететін жарқын әрі серпінді креативті роликтер адамдарды белсенді болуға ынталандырды.