Kiehl’s және алматылық суретші Дарион Шабаштың серіктестігі

Future Made Better

Кәдеге жаратылған құтылардан жасалған ерекше өнер нысаны Future Made Better атты бренд міндетінің бір бөлігі болды. Оның негізгі мақсаты - пластикті қайта өңдеудің маңыздылығына және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға адамның назарын аудару.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan

«Kiehl’s брендімен ынтымақтастықтың негізгі идеясы - саналы тұтынуға ынталандыратын өнер нысанын жасау. Маған брендтің крем біткенде құтыларды тура дүкенге қайта өңдеуге тапсырып тастауға болатын концепциясы өте ұнайды. Мен өз жұмысымда табиғаттан алынған сұлулықтың барлық құпиясын ішінде сақтаған әйелдің бейнесін көрсеттім. Негізгі айтар ойым мынандай болды: арулар табиғатпен тығыз байланысты екенін ұмытпау керек. Оны қорғау арқылы біз өзімізді де қорғаймыз», - деді суретші Дарион Шаббаш ынтымақтастық туралы.