Christian Dior Parfums жабық кеші

Dior L’or de J’adore
Сән үйінің жаңа хош иісінің жарыққа шығуы

2021 жылы Dior сән үйінің тарихында жаңа кезең басталды. Өйткені Фрэнсис Куркиджян бас парфюмер болып тағайындалды. Әйгілі парфюмердің Dior үйіне арнайы жасаған алғашқы хош иісі L'or de J'adore болды. Біздің агенттігіміз ұйымдастырған Christian Dior Parfums жабық кешінде жиналған қонақтар дәл сол шуақты, жеңіл ноталар қосылған жаңа сезімге толы хош иіспен танысты. Апельсин гүлі, ірі гүлдері бар нәзік жасмин және қырық қабаты бар раушан гүл бірігіп күшті әрі сезімтал басты жұпар иіс жасайды. Айта кету керек, гүлдер - J'Adore хош иісі үшін аса қымбат.

Жабық кеште қонақтарға J’adore Dior мен Astana Ballet театрының ерекше коллаборациясы көрсетілді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри ғажайып балет әлеміне баурап әкететін хореография қойылымын жиналған қауымның назарына ұсынды. J'adore Dior мен Astana Ballet театрының ынтымақтастығы бұл парфюмерия және балет өмірінің жаңа қырларын көрсететін ұмытылмас әсер сыйлайтын екі өнер әлемінің қосындысы. Екі брендтің құндылықтары да ортақ, олар адамдарды әсемдік пен эстетикаға шабыттандыруға ұмтылады.

Шығармашылығы неоклассика мен минимализмді қамтитын Қазақстан жас сазгері Гүлмира Исимбаеваның музыкасы кештің ерекше қуанышы болды. Концерт кеш қонақтарының жүрегінен орын алып, оларға сән-салтанат, стиль және сезімділік тамаша үйлесетін J’adore әлемін толығымен түсінуге жағдай жасады.