Flower by Kenzo арнайы жобасы

KENZO сән үйінің аты аңызға айналған хош иісін жарнамалау үшін біз жай ғана PR-хабарлама тарату жеткіліксіз болады деп шештік. Біз әлемнің түрлі елінде жасалған креативті жұмыстармен шабыттанып, Алматы облысында көкнәр өсетін кең-байтақ жерлеріне барып, кампанияның жергілікті баламасын ұсындық. Хош иістің көңіл-күйін көрсету үшін біз 5 инфлюенсерді роликтерге түсуге шақырдық. Нәтижесінде біздің жұмыс брендтің рухын жеткізгені соншалықты, бұл фотосессияның суреттері KENZO-ның ғаламдық Instagram парақшасында жарияланды.