Lancôme ұсынған Idôle House
поп-ап кеңістігі

Жеке макияж жасау станциялары, танымал Lip Idôle Butter Glow далапының жасалу жолын түсіндірген зертхана, сондай-ақ Idôle Lancôme хош иістерін таныстыратын бұрыш болды. Idôle House аясында танымал тұлғалардан мастер-кластар мен дәрістер өтті. Сонымен қатар, сыйлықтар аймағы мен демалуға арналған жайлы кафе ұйымдастырылды. Келесі екі күн бұл кеңістік барлық келушілерге ашық болды.