Acne Studios par Frédéric Malle

Editions de Parfums Frederic Malle кеші брендтің басты хош иістеріне және Acne Studios-пен бірлескен жаңа жобасының таныстырылымына арналды.

Бір кешке Esentai Gallery нағыз француз салонына айналды, мұнда брендтің бес атақты хош иісі: Portrait of a Lady, French Lover, Uncut Gem, L’eau D’hiver және En Passant ұсынылды. Әр парфюмге арналған аймақ ерекше визуалды презентациялармен және композицияның «жаны» туралы әңгімелермен толықты. Брендтің сарапшылары қонақтарды хош иіс ноталарына терең бойлатып, олардың жасалу тарихы туралы баяндады.