Бүкіл әлемде қазан айы сүт безінің қатерлі ісігі жайында хабардар болу айы болып саналады. Ал аурумен күресетін символ ретінде бұрыннан қызғылт лента бекітілген. Әйелдер мен қоғамның сүт безі ауруының ерте диагностикасына назарын аудару үшін Estée Lauder Companies жыл сайын бүкіл әлем бойынша маңызды ғимараттарды қызғылт түске жарықтандыруды ұйымдастырады. Осы жылдар ішінде Париждегі Эйфель мұнарасы, Милан соборы, Нью-Йорктегі Empire State Building, Сиднейдегі Опера театры, Шанхайдағы Нанпу көпірі және басқа да көптеген көрікті жерлер қызғылт түспен жарқырап тұрды. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан сүт безінің қатерлі ісігімен күресу науқанына алғаш рет қосылды. Біздің агенттік шын жүректен, үлкен құрметпен осы маңызды шараны ұйымдастырды. Қазан айының бірінші аптасында Оңтүстік астананың ең биік ғимараты – «Қазақстан» қонақ үйі қызғылт түспен жанды.