Dior L’or de J’adore
Сән үйінің жаңа хош иісінің жарыққа шығуы
2021 жылы Dior сән үйінің тарихында жаңа кезең басталды. Өйткені Фрэнсис Куркиджян бас парфюмер болып тағайындалды. Әйгілі парфюмердің Dior үйіне арнайы жасаған алғашқы хош иісі L'or de J'adore болды. Біздің агенттігіміз ұйымдастырған Christian Dior Parfums жабық кешінде жиналған қонақтар дәл сол шуақты, жеңіл ноталар қосылған жаңа сезімге толы хош иіспен танысты. Апельсин гүлі, ірі гүлдері бар нәзік жасмин және қырық қабаты бар раушан гүл бірігіп күшті әрі сезімтал басты жұпар иіс жасайды. Айта кету керек, гүлдер - J'Adore хош иісі үшін аса қымбат.