30 жылдан астам уақыт бұрын Coca-Cola ғарышта қолжетімді болған алғашқы алкогольсіз сусынға айналды. Сол кезде «Челленджер» ғарыш кемесінің астронавттары салмақсыздық жағдайында осы сусыннан дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Осы тарихи оқиғадан шабыт алған компания Алматыда Coca-Cola Intergalactic деп аталатын ғарыштық жаңа дәмді ұсынды. Шектеулі сериядағы Coca-Cola шығарылымына орай, Алматыда баршаға қолжетімді болған, ғарыштық стильде безендірілген мультимедиялық кеңістік ұйымдастырылды.